«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ»

«БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ӨНЕР» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ, «ӨНЕР ЖӘНЕ САЗ» КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТІ ОТАРОВА РОЗА АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам-Адалеңбек-Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау бойынша тапсырма берді. Жуырда ғана  Астана қаласында жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттауда «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты республикалық форум аясында «Қазақстанның үздік студенті» атты байқау ұйымдастырылып, оған еліміздің ЖОО-нан бірнеше студенттер қатысты. Аталған байқауға Ж.А.Ташенев университетінің «Бастауыш білім және өнер»  факультеті, «Өнер және саз» кафедрасының, «6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 3-курс, ПиК 21-15к тобының студенті Отарова Роза Амангелдіқызы, аға оқытушы, магистр Д.М.Байгунованың жетекшілігімен қатысып, І-дәрежелі дипломға ие болды. Отарова Роза Амангелдіқызы «Үздік студент» статуэткасы және төсбелгісімен марапатталды.
 

Оқиға категориялары