Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру

Жұмабек Ахметұлы Ташенов атындағы Университет ЖШС-ның профессор-оқытушылары оқыту курсынан өтуде.

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ бас ғимаратында оқытушыларға арналған «Педагогикалық білім беруді жаңғырту » тақырыбында оқыту курсы басталды. Курс ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің қолдауымен «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіліп отыр. Оқыту курсы онлайн және офлайн форматта 2024 жылдың 5 қаңтары мен 26 қаңтары аралығында жоғары оқу орындарының оқытушыларына әзірленген 30 білім беру бағдарламаларын кеңінен тарату бойынша өтеді.

Курс барысында оқытушылар үздік халықаралық тәжірибелерді қолдану, инновациялық жобалық білім бағдарламалары шеңберінде силлабустарды әзірлеу, зерттеулерге негізделген педагогикалық білім, білім берудегі цифрландыру және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту, инклюзивті білім беру және білім алушылардың әртүрлі санаттарын тану, пәнаралық оқыту тағы басқа дағдыларды дамытады.

Оқыту курсына “Шетел тілдері” кафедрасының 10 профессор-оқытушылары қатысуда. Сонымен қатар оқыту курсына жергілікті оқу орындарының оқытушылары да қатысуда.
 

«Тілдер және әдебиет» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған педагогикалық біліктілікті арттыру курсына қатысуда.

Курс барысында тәжірибелі мамандармен жаңа технологияларды үйрену процесстері бойынша білім алмасып жатыр.

«Өнер және саз» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған педагогикалық біліктілікті арттыру курсына қатысуда.

Курс барысында Шет елдерден келген мамандармен түрлі жаңа тәжірибелермен алмасу, жаңа технологияларды үйрену процесстері орындалып жатыр.