"Мәңгілік ел жастары - Тәуелсіздіктің кепілі"

М.Әуезов ОҚУ ұйымдастыруымен жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ХХІV Республикалық студенттік ғылыми конференцияның ашылу салтанаты өтті.

Конференция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Мәңгілік ел жастары – тәуелсіздіктің кепілі" атауымен өтті. Конференцияға Syrdariya University атынан Ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, PhD Абдуразова қатысып, баяндама жасады.

Биылғы жылы конференция Covid-19 пандемиясы жағдайында білім және ғылым саласындағы жаһандық проблемаларға назар аударды.

Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Бұл туралы ұлы Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген. Міне осының дәлелі, Бүгінгі М. Әуезов атындағы ОҚУ ұйымдастыруымен өткізіліп отырған “Мәңгілік ел жастары – Тәуелсіздік кепіл” атты ХХІV республикалық студенттік ғылыми конференция.
Елімізді халықаралық аренада танытып, Тәуелсіздік құндылықтарын жер жүзіне паш ететін рухани елшілерміз, біздің айрықша күшіміз Жас ғалымдар Сендерсіңдер! Барлықтарыңызды еліміздің ең қиыр оңтүстігінде орналасқан “Сырдария” университетіне келіп білім мен ғылымдағы жетістіктерімізбен танысуға шақырамын, - деді П.А. Абдуразова
 

Оқиға категориялары