СТУДЕНТТЕР ҮЙІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

2024 жылдың 11 қарашасында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында жаңа Студенттер үйінің ашылу салтанатын өткізді. 
    4 қабаттан тұратын заманауи Студенттер үйінде қолжетімді төмен бағамен әлеуметтік дүкен, студенттер асханасы, заманауи би алаңы, кір жуу бөлмесі, интернет желісімен жабдықталған оқу залы білім алушыларға қызмет көрсетеді. Ғимараттың ерекшелігі - барлық бөлмелер мен жүріп-тұру алаңдарына жарық түседі. 
    Шымкент қаласының Бәйдібек би даңғылы (25/1) бойында 2024 жылдың шілде айында қолданысқа берілген 150 орындық жаңа жатақханаға студенттер ағымдағы жылдың тамыз айының 20 жұлдызынан орналастырылған.
    Концерттік бағдарламамен өткізілген жаңа Студенттер үйінің ашылу салтанатында Ж.А.Тәшенев атындағы университетінің Басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор Оңалбай Аяшұлы, университет ректоры техн.ғ.к., профессор Қанат Сейітжанұлы Байболов; Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік педагогикалық университетінің ректоры м.а. Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаева, Стратегиялық даму және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Баршагүл Қашқынқызы Исабек; Жеке кәсіпкер Қасымбай Жаханұлы Абдыхалық; Жеке кәсіпкер Хиллола Махмутжановна Анарметова лента қиып, студент жастарға ізгі тілектерін білдірді.
 

Оқиға категориялары