"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының секциялық отырысы

11 сәуір күні «FUTURE SCIENCE: Идея, Инновация, Интеллект» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының секциялық отырысы өтті.

Жас ғалымдар мен студенттер өздерінің тың идеяларымен бөлісіп, ғылым мен технологияның болашағы жайлы маңызды ойлар айтты. Конференция қызықты, мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Секция отырысында заманауи ақпараттық технологиялардың даму бағыттары, жасанды интеллекттің әртүрлі салаларда қолданылуы, киберқауіпсіздік, деректерді қорғау, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің болашағы сынды өзекті тақырыптар жан-жақты талқыланды.
 Қатысушылар белсенді пікір алмасып, жаңа ғылыми идеялармен шабыттанды. Мұндай іс-шаралар жастардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға үлкен серпін беретіні сөзсіз. Барлық қатысушыларға марапаттар, сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

І орын – ИЭФ-24-8а тобының студенті Базарбай Айнұр
ІІ орын – ИЭФ-23-9к1 тобының студенті Кеңесбек Ердәулет
ІІІ орын – ИЭФ-24-9к1 тобының студенті Керімбай Гүлмарал

Сертификаттар – ИЭФ-24-13к1 тобының студенті Әбдәлі Бекзатқа, ИЭФ-23-13к тобының студенті Забен Мирасқа, сондай-ақ басқа да белсенді студенттерге алғыс хаттар табысталды.

Марапатталған студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми ізденістеріңізге сәттілік тілейміз!

Оқиға категориялары