Отандық және шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру

«Сырдария» университеті 2020-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары бойынша отандық және шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруда. 
2020-2021 оқу жылының жоспарына сәйкес, онлайн форматта бір академиялық мерзімге «Сырдария» университеті мен отандық, шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық келісімшарттар шеңберінде университетіміздің студенттері 1 семестрге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша төмендегідей ЖОО-ға барып білім алмасуларына мүмкіндік алып отыр:
1. Шәкәрім атындағы Семей университеті (Семей қаласы);
2. Торайғыров университеті (Павлодар қаласы);
3. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қаласы);
4. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті;
5. Silkway халықаралық университеті;
6. Шымкент университеті.
«Сыртқы академиялық ұтқырлық» бағдарламасын дамыту бойынша:
1. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан мемлекеті);
2. Тәжік педагогикалық университеті.

«Сырдария» университеті аталған университеттерден басқа 30 жоғары оқу орынымен келісімшарттар жасасқан. Бұл дегеніміз, сіздер басқа да университеттерге барып білім алуларыңызға университет мүмкіндік беріп қойған.

Егер сізді университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы қызықтыратын болса, толық ақпаратты https://sirdariya.kz/kk/academic-mobility сайтынан біле аласыздар!!!