“Tazalike” акциясы өтті

Толассыз жауған қардың салдарынан айналаны қар басып қалды. Шымкент қаласындағы мекемелерде ұйымдастырылып жатқан «Айналамызды қардан тазалайық» акциясына біздің университет оқытушылары да үлес қосты. Tashenev University жастар комитетінің ұйымдастыруымен өткен “Tazalike” акциясы аясында университет айналасын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Осынау акцияға университет басшылығы түгелдей атсалысып, бастамаға қолдау көрсетті.