"Сырдария" университеті "Бүгінгі әңгіме" бағдарламасында

Елбасы жариялаған 2019 жыл – Жастар жылына сәйкес, "Сырдария" университетінің студент-жастары Оңтүстік аймақтарындағы жастарға Үндеу жариялаған болатын. Осыған орай "ONTUSTIK" телеарнасындағы "Бүгінгі әңгіме" бағдарламасында "Сырдария" университетінің Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Нұрбек Мұратбек пен Жастар бөлімінің басшысы Бектеміс Мейірхан қонақта болды.

Сұхбат барысында көнедегі түркі әлемінің астанасына айналған, Елбасы бастамасымен қазіргі таңдағы облыс орталығы атанған Түркістан қаласын түлетуге, көркейтуге, студенттік жасақтарды құру мәселесі бойынша оқу орнынан 200 студент ерікті түрде құрылысқа атсалысуға дайын екендігін мәлімдеді.

Бұдан өзге ауыл-елді абаттандыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық танытуға, қазыналы қарттарымыз бен тағдыр тәлкегіне түскен бүлдіршіндерге мейірім шуағын төгуге біріккен бір топ белсенді студент-жастар үндеуіне тоқталып, бағдарлама тарапынан алғыс білдірілді.

Ендеше, Жастар жылы жастарға жаңа бағытта жаңаша шабыт сыйлайтыны сөзсіз.

https://youtu.be/mLrAUrVaCL8