Мерекелік күн – ғажайып сәттен бастау алды
- 1 view
Жыл сайын өткізілетін мерекелік іс-шараның биылғы көрінісі айрықша сипатта болып өтті. Университеттің бас ғимаратында Жастар бөлімі және бір топ белсенді студенттер профессор-оқытушылар мен студент-жастарды мерекелік көңіл-күйде қарсы алды.
Мерекелік қарсы алу ары қарай көңілді іс-шараға ұласты. Іс-шара барысында Жастар бөлімі жанынан құрылған "Серілер" тобы КВН командасының әзілге толы қойылымдары, флешмоб биі баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Белсенді ару қыздарға арнап құқ-18 тобының студенті Ә.Ғани "16 қыз" атты керемет ән шырқады.
Жастар бөлімінің маманы Е.Ермекбай құттықтау сөз сөйлеп, нәзік жандыларға арнап шығарған өз арнауын тарту етті. Көңілді кеш - жастар коворкинг орталығында мерекелік дастарханға ұласты.
Оқиға категориялары
Жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
✅ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет