7-мамыр - Отан қорғаушылар күні

Бүгін Түркістан облысы Жетісай қаласы "Сырдария университетінің "Заңтану және экономика" факультетінің "Құқық және экономика" кафедрасының оқытушылары 1-курс студенттеірмен "7-мамыр - Отан қорғаушылар күні" мерекесіне орай жоғары дəрежеде іс-шара ұйымдастырды! Іс-шараға кафедра оқытушылары қатысты.

Іс-шара мақсаты - студенттерді Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дəріптеу. Отанын, елін қорғауға тəрбиелеу.

Іс-шара барысында студенттер абзал азаматтарымыз бен батырларымыз жайлы презентациясын көрсетті. Ата, Əкелеріміз - əр отбасының алтын қазығы деп, əскери киімдер киіп, жүрек жарды өлең шумақтарын оқыды. Іс-шараны э.ғ.к. Бердібеков Х. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар деп, құттықтау тілектерімен қорытындылады.
 

Теги: