АУҒАН - ОТ ЖАЛЫНЫ

«Дизайн және өнер» факультетінің ұйымдастыруымен ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Ауданымыздың Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Алтынбеков Ниятұлла , ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Дүйсебаев Жорабек Тұтқабайұлы факультет қонағы болды. Ауған соғысы ардагерлері студент-жастарға өздерінің естеліктерімен бөлісті.
Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан-жарасына айналды.

Ауған соғысының ардагерлері ұрыста қаза тапқан қаруластарын жүректерінде мәңгі сақтайды.

Мақсатымыз: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, тереңірек біліп тану, Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, студент жастарды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Құрметті ауған соғысының ардагерлері , көрсеткен ерліктеріңіз әрқашан жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бермек!
 

Оқиға категориялары