Мың алғыс саған, Ұстазым!

Жыл сайын Ұстаздар мерекесін дәстүрлі түрде атап өту үрдіске айналған. "Жаратылыстану және математика" факультетінің бастамасымен "Мың алғыс саған, Ұстазым!" атты мерекелік кеш болып өтті. Университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков ұстаздар қауымын айтулы мерекемен құттықтады.

Мерекелік кеште ұстазға арналған әндер шырқалып, қылықты аруларымыздың биімен жалғасты. Ұстазға деген құрметін, ыстық ықыласын поэзиямен өрнектеген жастардың орындауында шығармашылық өлеңдер оқылды. 2017 жылы "Сырдария аруы" атанған Тоқтақұл Ұлбосын мен Кәрім Мақсаттың орындауындағы "Ұстазым" әні көңілге шаттық сыйлады. Факультет аруларының "Хорезм" биі, "Сырдария" жастар құрамасының айтулы тұлғаға деген құрметі әзілдермен сахналанды. Кеш соңында студенттердің орындауындағы "Ұстазым" әнімен университет профессор-оқытушыларына сый-құрмет көрсетілді.

div align="center">