СТУДЕНТТЕРМЕН АДАЛДЫҚ САҒАТТАРЫ ӨТІЛУДЕ

Бүгін IT, экономика және құқық факултетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдықты дәріптеу мақсатында тәрбие сағаты өтті. Шарада әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғ.Битұрсын, З.Тултабаев, және К.Уйсынбаева дәріс өтті. Тәрбие сағатында сыбайлас жемқорлықтың зияны, адалдықтың маңызы мен қоғамдағы рөлі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 
Іс-шара барысында қатысушыларға заңсыздықтардың алдын алу жолдары, адалдық қағидаттарын ұстанудың қажеттілігі және болашақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Қатысушылардың әрқайсысы өз тәжірибелері мен білімдерімен бөлісіп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы айтып, адалдықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.