SU Debate

Бұл үй, кітаптарды электронды форматқа ауыстыруды ақтайды тақырыбында студенттік пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа іріктелген 2 команда қатысты.

Дебат 3 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде командалар жеке көзқарастарын таныстырды. Екінші кезеңде қатысушылар қарсы тарапқа сұрақ қойып пікір таластырды. Үшінші кезеңде екі тарапта сындарға жауап беріп, өз аргументтерін нығайтты.

Бірінші тарап қарарға сәйкес электронды кітаптың артықшылықтарын келтіріп, экономикаға үлкен прогресс әкелетінін айтып өз позициясын құрды. Қарсы тарап қатаң сынға алып, бірқатар зиянды жақтарына факт келтіріп, пікір таластырды. Пікірсайыс соңында қатысушылармен көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде Қарсы тарап жеңіске жетті.

Бүгінгі пікірсайысқа қатысушы білім алушылар электронды кітаптардың пайдасының бар екенін, бірақ толық ақтай алмайтындығын атап өтті.
 

Теги: