Ұстаздар күні ұлықталды

Ұстаз – ұлы есім демекші, адамзат баласы үшін қадірлі де, қастерлі тұлға ол – ұстаз. Шәкірттерін шыңдаған ұстаз қашан да бақытты. Ұлы есімді, қадірлі тұлғаны ұлықтау мақсатында "Сырдария" университеті "Өнер" факультетінің жалынды студент жастары "ҰСТАЗ АТЫ – БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК" атты мерекелік тарту жасады.

Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына жылы лебізі мен тілектерін білдірген "Өнер" триосының орындауында "Ұстазым" әні шырқалды. Муз-18 тобының студенті Иса Алмагүл де ұлы тұлғаға деген ықыласын "Ұстазым" әні арқылы жеткізді.

Мерекелік кеш барысында музыкалық білім мамандығының бірінші курс студенттерінен құралған КВН командасының әзілге толы қойылымдары, Мамадияр Мұстафаның орындауындағы "Ауылға барам" әні, мың бұралған арулардың өзбек биі, Есенбек Еркеғалидің орындауындағы манологы, Патсахан Гаухар мен Тәңірқұл Жаңыл орындауындағы "Мереке" әні бәрі-бәрі биыл ғана студент атанған белсенді жастардың ұстазға деген ықыласын айқын көрсетті.

І Республикалық Жастар форумына келген қатысушылар мерекелік кештің қадірлі қонағы болып, профессор-оқытушылар мен студенттерді "Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Студент жастардың белсенділігі мұнымен ғана шектелмей, алдағы уақытта өзге де іс-шараларда, қоғамдық жиындар мен бас қосуларда үздіксіз жалғасын табатыны анық.