Вакансия жәрменкесі

Шымкент қаласы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаменті және  «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйымдастыруымен Абай аудандық «Мансап» орталығында 1 желтоқсан сағат  11:00-де Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне білім, медицина, сауда, қаржы салаларынан, кәсіпорындардан жұмыс берушілер қатысты. 
Ж.А.Ташенев университетінің мансап және жұмыспен қамту орталығының басшысы Халикова Роза Орунбасаровна және жұмысқа орналастыру бойынша жауапты мамандарымен бірге "Вакансия жәрменкесіне" жұмыссыздарды жұмысспен қамту. тұрақты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мақсатында бітіруші түлектерді қатыстырды. 
Жәрмеңкеде қала аумағындағы мемлекеттік мекемелерден  тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылды. 
Бітіруші студенттермен түлектер меңгерген кәсібі бойынша бастапқы тәжірибе жинақтау мақсатында жастар практикасын жүзеге асырылатын жобалармен танысып ақпарат алды.
 

Оқиға категориялары