Академиялық ұтқырлық – қоғам талабы

Қазақстан жоғары оқу орындары арасында білім беру сапасын арттырудың маңызды формаларының бірі академиялық ұтқырлық болып табылады. Әлемге танылған жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық негізінде серіктес болу – қоғам талап етіп отырған басты мақсаттардың бірі.
Sirdariya University де академиялық ұтқырлық бойынша таңдалған кәсіби бағыт негізінде жан-жақты білім алу мүмкіндігіне ие болуда. Осы мақсатқа сай университеттің «Педагогика және психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Д.С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасының магистранттары үшін «Жоғары мектеп педагогикасы» пәні бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына сай дәріс берді. Екі жақты келісім бойынша өткізілген академиялық ұтқырлық нәтижесі сәтті бағаланып, профессор-оқытушыларға сертификат табыс етілді.