Құрметті мақтаралдықтар, "Сырдария" университетінің ұжымы және студент жастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – еліміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің нышаны, азаматтық сана-сезімге негізделген мемлекеттік қағидаларымыздың тұрақтылығы, тең құқықтылығы, дербес демократиялық тұрақты республика ретінде қалыптасуы.

Егемендігіміздің тұрақтылығын мәңгі сақтауда білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу керек. Табысты болудың ең басты факторы – білім. Елбасы атап өткендей "Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында". Сондықтан білімді қоғам, білімді жастар – ел болашағы.

Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығының мерейлі сәтінде еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген мақтааралдықтарды, университет ұжымын және студенттерді Ұлттық мерекемізбен құттықтаймын! Сіздерге еңбекте мол табыстар мен бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңыздан ырыс-береке кетпесін!

 

"Сырдария" университетінің ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков