Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017
- 1 view
Білім беру саласына бар өмірін арнап, педагогикалық қызмет атқарып келген "Сырдария" университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017" атағына ие болып, мемлекеттік грантты жеңіп алды.
Гүлнар Тәжібайқызын шын жүректен құттықтаймыз! Білім беру жолындағы еңбегіңіз еселеніп, ғылыми ізденісіңіз межелі жетістіктерді бағындыра берсін! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық пен қажырлы күш-жігер тілейміз!
Оқиға категориялары
Жаңа Жетісай (13)