Майдангерлер, сіздерге мың тағзым!

Қадірлі профессор-оқытушылар мен студенттер!
Қымбатты мақтааралдықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Соғыс тақсіретін, оның қиындығын татпаған отбасы жоқ. Оның жарасы әлі де сыздап жанды жаралайды. Жүректі ауыртады.

Талай-талай боздақтарға туған топырақ бұйырмады. Шет жерлерде шейіт болды. Елге оралғандарының басым бөлігі бүгінде арамызда жоқ. Қазірде ауданда 26 соғыс ардагері түрады. Оларға тәуелсіз еліміз үлкен құрмет көрсетуде. Ұлықтап, мәртебелерін биіктетуде. Олар бүндай сый- құрметке лайық.

Біздер аға ұрпаққа қашанда қарыздармыз.
Аға ұрпақты сыйлап, құрметтеу - әрқашанғы перзенттік борышымыз.

Қымбатты соғыс ардагерлері!

Қадірлі аға буын, бүгінгі замандастар!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, бейбіт өмір, береке, бірлік тілеймін.

Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Той тойға ұлассын!

Ізгі ниетпен: Серік ДАЙЫРБЕКОВ, "Сырдария" университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.