Республиканың ең үздік «Ғылым шарайнасы» ғылыми жұмыстарына арналған байқауының жеңімпазы

Құттықтаймыз ! Бірінші және үшінші орынды иеленді

Астана қаласындағы ғылыми-әдістемелік орталықта республиканың ең үздік «Ғылым шарайнасы» ғылыми жұмыстарына арналған байқау болып өтті.

Байқаудың мақсаты ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімі бар, көкейкесті мәселелерді шешуге бағыт- бағдары айқын, ғылыми ізденістерге қызығушылығы басым, инновациялық жобаларды жобалауға деген ынта-ықыласы зор студент-жастарды анықтау болатын.

Байқауға еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Сырдария» университетінің информатика мамандығының 2 курс студенті Орынбаева Айжан Сансызбайқызы І-орынды иеленді. Жетекшісі - Акимишев Ғалымжан Пантайұлы.

Ал университетіміздің биология мамандығының 4-курс студенті Темши Мейрамбек Маметулы III орынмен марапатталды. Жетекшісі - Дошманов Ескендір Қиятұлы.

Ғылым жолындағы жемісті ізденістеріңіз құтты болсын.

Н.ҚАДЫРОВ