Үтіртөбе қаласы археологиялық картаға енгізілсе...
- 1 view
№39(30018) 25 ақпан 2021 жыл
Сілтеме: https://egemen.kz/article/266770-utirtobe-qalasy-arkheologiyalyq-kartagha-engizilse
? PDF-нұсқа: https://pdf.egemen.kz/pdfs/2021/02/25.02.2021.pdf
…
ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Оңалбай Аяшевтің айтқанына ден қойсақ, ортағасырлық Ұтырлы қаласына жүргізілген археологиялық қазбалар Үтіртөбе қаласының өмір сүрген уақыты VІІІ-ХІІ ғғ тиесілі. Қаланың салыну кезеңі оғыз дәуіріне тура келеді. Оған қаладан табылған жәдігерлер дәлел.
- Үтіртөбе өзінің жобасы жағынан өте ерекше құрылыс. Қала дамуының шарықтау шегі Х-ХІІ ғасырлар. Бұл кезең бүкіл Орталық Азия мен Қазақстан қалаларына тән. Қала басқа қалалармен сауда және экономикалық байланыста болған. Қазбалардан табылған құмыра, металл, зергерлік бұйымдар басқа қаладағы жәдігерлерге өте ұқсас. Үтіртөбе қаласы геосаяси жағынан Ұлы Жібек жолының Сырдың сол жағалауындағы тармағында, тоғыз жолдың торабында, қолайлы жерде орналасқан. Қаланың құрылыс жобасы да ортағасырлық қалалардың жобасына сәйкес. Сонымен бірге бір ерекшелігі, қала сыртындағы зираттың орны ислам діні қала тұрғындарының негізгі діні болғандығын көрсететді. Бұл қаланың құрылыстары шикі кірпіш пен қыш кірпіштен салынған. Бұл дәстүрлі құрылыс Сыр бойы қалаларына тән. Үтіртөбеде сырттан келген әшекей заттар, шыны ыдыстардың табылуы оның Жібек жолының бір тармағында жатқандығына дәлел болады. Ұлы Жібек жолының бір тармақшасы осы өңірден өткен деп есептеуге толық негіз бар, – дейді Оңалбай Аяшев.
…
Ортағасырлық қалаға алғаш назар аударып, зерттеуді қолға алған Жетісай қаласындағы «Сырдария» университеті болды. Аталған оқу орнының «Отан жəне шетел тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылары Сабира Апашева мен Мырзабай Мейірбековтің дабыл көтеруімен ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына университет тарапынан қаржы бөлінді.
Ғалым Сабира Апашова Үтіртөбе қалашығы археологиялық деңгейде аз зерттелгенін, бұған
осы өңірдің 1970 жылдарға дейін Өзбекстанның қаруында болуы себеп болғанын, осы тақырыпты зерттеген Өзбекстанның Археология институтының профессоры Ю.Ф.Буряковты Ташкентке іздеп барып, кездескенін айтты. Бірақ өзбек ғалымы сол кезде өте егде жас та бол ғандықтан, толыққанды мəлімет бере алмапты. С.Апашованың айтуынша, Үтіртөбе қалашығын кешенді түрде зерттеген
кезде ғана Мыңтөбе, Күлтөбе қала ларының сыры ашылады. Бірақ Үтіртөбе қалашығының
Қазақстанның археологиялық картасына енбей қалуы оның тарихын тереңдете, індете зерттеуге көпке дергі келтіреді екен. Тарихшының айтуынша, Сырдарияның жағасында, мақталы алқаптың ортасында қалашық орнының сақталып қалуы – Тəңірдің сыйымен бірдей. Ендігі міндет қаланың жер астында
тығылып жатқан ескі жұртына қазіргі заманғы технологияның көмегімен барлау жасау, құнды орындар табылса, оны мемлекет иелігіне қайтару. …
Сырдария арқылы су жолымен де жан-жақпен байланыс орнатуға мүмкіндігі бар қала болғаны анық. Археологиялық картаға кірсе, әлемдік тарихтан Үтіртөбеге байланысты деректерді іздестіруге де мүмкіндік туар еді, – дейді С.Апашова.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу