Мамандық таңдауға дұрыс бағыт беру – уақыт талабы

7Сыр
Республикалық қоғамдық-саяси газет
№11 (599) 19.03.2021 жыл

Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «... әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» -деп көрсетілген.

Дұрыс таңдалмаған мамандық - мамандық иесінің өзіне ғана емес, қоғамға да кері әсерін тигізетінін ұмытпағанымыз жөн. Соңғы кездегі Білім және ғылым министрлігінің таратқан мәліметіне қарағанда, жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 50 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді екен. Бұл дегеніңіз мемлекеттің болашақ маман даярлауға грант негізінде оқыту үшін ел қазынасынан бөліп жатқан қаражатының 50 пайызы желге ұшады дегенді меңземейді ме? Ата-ананың баланы оқытуға жұмсаған ақшасын былай қойған кезде, Үкіметтен грантқа бөлінетін қыруар қаржының 50 пайызы тиімсіз жұмсалады дегенді білдірмейді ме? Олай болса, 50 пайыз студентті жоғары оқу орындары текке оқытқан болып шықпайды ма?-деген сұрақтар туғызады.
Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.
Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру - шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмуны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы саналады. Білім саласындағы кәсіби бағыттың ауқымы кең және алуан түрлі. Бұл істің жүргізілуі кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау - кезек күттірмейтін талаптардың бірі.
Ұстаз - мектептің жүрегі. Болашақ жаңа турпатты мұғалімді тәрбиелеу педагогикалық мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарына қойылып отырған үлкен міндет. Сондықтан «Сырдария» универсиетінің «Жаратылыстану» факультетінің профессор-оқытушылары осыған орай атқарылатын нақты шараларды анықтап, жоспарлы түрде жүйелі жүзеге асырып, ауданымыздағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуде.
Өйткені біздің факулыетте заман талабына сай түрлі мамандар даярлайтын ұйымшыл білімнің орталығы деуге болады. Жыл сайын 8 білім беру бағдарламасы бойынша бәсекеге қабілетті сан алуан кәсіп иелері диплом алып шығуда. Факультеттің материалдық-техникалық базасы «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы жанынан ашылған «Робототехника» зертханасы қазіргі таңда студенттерге сонымен қатар ауданымыздың оқушыларына арнайы үйірме және курс сабақтарын жүргізеді. Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы университеттің оқу-ғылыми қурылымдық бөлімі болып саналады. Ғылыммен айналысуға дем қойған дарында жастарға, кез келген ізденушіге мұнда таптырмас мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл орталықта негізінен Химия және Биология білім беру бағдарламаларының студенттері әр түрлі зертханалық жұмыстарды іске асырып отырады.
Инновациялық ғылыми зерттеу орталығының жанында қурылған арнайы жылыжайда студенттер өнім өндіріп, өндірістік практика ретінде тәжірибелерін шыңдайды. Онда химиялық тыңайтқыштарды пайдаланбай, табиғи таза өнім алу жолға қойылған.


Міне құрметті талапкерлер, болашақ жас мамандар Сіздерді осы «Сырдария» университетінің «Жаратылыстану» факультетіне оқуға түсуге шақырамыз. Егер сіз өміріңізді нағыз ғылым жолында бастағыңыз келсе, онда біз сіздерге көмектесеміз. Инновациялық ғылыми зерттеу орталығы кез-келген жерде кездесе бермейтін, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын орталық. Ондағы ғылыми зерттеу жұмыстары сіздердің болашақтарыңызға бағдар берері сөзсіз. Келешегін кемел етуге тырысқан әрбір жас ұрпақ қолда бар мүмкіншілікті пайдалануды текке жібермейді деп ойлаймын.

К.Ә. ИСАЕВА, «Жаратылыстану» факультетінің деканы міндетін атқарушы.
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары