МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-ӨМІРІМІЗДІҢ БІР КІРІПШІН Д¥РЫС ҚАЛАУ
- 1 view
№14 (602) 16.04.2021
Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандың жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.
Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар үсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие.
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын жетілдірілуде. Өйткені, келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқүшылары. Сондықтан, мектепте берілетін кәсіби бағдар жумыстарының бүгінгі куні маңызы зор болып табылады.
Жалпы білімнің басты үш міндеті бар. Олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашаң белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму кұрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.
Кәсіби бағдар беру жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы түрде таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шығармашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтың экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыңқа мүдделілігін тәрбиелеуді қажететеді.
Мамандықты саналы таңдауда қабілеттіліктің үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар- қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бугінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында. "Сырдария" университетіндегі «Дизайн және өнер» факультетінің ұстаздары осыған орай атқарылатын нақты шараларды анықтап, жоспарлы түрде жүйелі жұмыстарды жүзеге асы руда.
Өйткені біздің факультет шығармашылық, өндірістік, кәсіптік білім беруге бағытталған және заман талабына сай түрлі мамандар даярлайтын ужым. Жыл сайын үш мамандық бойынша бәсекеге дабілетті сан алуан кәсіп иелері диплом алып шығуда. Түлектеріміз еліміздің түрлі қалаларында Алматы, Нурсултан, Ақтау, Шымкент т.б қызмет атқарып жур, өз мамәндығы бойынша тамаша жетістіктерге жетіп жатыр.
Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мумкіндіктеріне қол жеткізесің. Демек оқушыларға дұрыс жөн сілтеу ұстаздардың пайымды пікірлерін тыңдау мен турлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор. Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандықтаңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту үшін университет оқытушылары жыл сайын қала, аудан, ауылдағы білім шаңырақтарына барып, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп келеміз. Мектеп оқушыларына университеттің материалды-техникалық базасы мен тарихы, мамандықтар жөнінде мәлімет берем із.
Факультеттің білім беру бағдарламалары:
6В01403- «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау»
6В01402- «Музыка муғалімдерін даярлау»
6В02101- «Дизайн» білім беру бағдарламалары.
Құрметті талапкер! Мамандың таңдау өте жауапты іс. Өйткені таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың қоғамның болашағы еліміздің ертеңі.
Сіздерге сәттілік тілей отырып, "Сырдария» университетінің «Дизайн және өнер» факультетіне оқуға шақырамын. Мамандықтаңдауда жаңылмай өз өміріңіздің бір кірпішін дурыс қалауыңызға тілектеспін.
Таңдауыңды дұрыс жаса, жасталапкер!
Ұлданай САПАРБАЕВА, «Дизайн және Өнер» факультеті деканы
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу