ЖЕЗТАҢДАЙ ӘНШІ КАНАЛБАЙ СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

7Сыр Республикалық қоғамдық-саяси газет
№14 (602) 16.04.2021

Осы Мырзашөл өңірінде дәстүрлі ән өнерін кәсіби мектеп, оқу ордасын оқымай-ақ өзінің табиғи дарынымен республикалық көлеміндегі атақты әншілерден орындаушылық шеберлігі репертуарлық көлемі жағынан бірден-бір кем түспейтін кім бар десек-ол өзіміздің қарапайым Каналбай Сейілбеков дер едім.
Оны мен ғана айтқан пікірім емес, осы өлкеге кепген көптеген дәстүрлі ән орындаушыларының өзі таңлай қағып тыңдап: "Бұл Каналбай Мұхит, Нартай т.т. б алыптардыңән орындаушылық шеберлігін Ғарифолланың алдынан сабак, алмай-ақ сырттан оқып бітірген ғой" -деген сараптамаларынталай өз құлағыммен естігем.
-Я, Каналбай сөз жоқ ауылдан шыққан аса шебер орындаушы-тіпті ерекше қубылыс дер едім. Бүгінде Каналбай  (сиыр жылы) 80-ге толып отыр.
Егер сәті түсіп, тыңдай қалсаң дауысы сол баяғы 20-жасындағыдай еш мүқалмаған қалпында төгіліп-ақтур.
Мен Каналбаймен 1963 жылы июнь айында Шымкеттегі музыка учелищесін бітіріп, Жетісай мәдениет үйінің ұлт аспаптар оркестірінің жетекшісі болғаннан бері білемін. Сол туста Киров ауданы Мәдениет бөлімі "Халық театры" Мәскеу Кремльдер сарайына ойын қоюға жолдама алып, қызу дайындық үстінде екен. Апаратын қойылым Ғабит Мүсіреповтың "Қыз Жібек" музыкалық спектакльі. Атауының өзі айтып туртандай музыкалық қойылым болғаннан кейін оны сүйемелдейтін оркестр болуы керек. Осы туста аудан басшылығы осы өңірдегі муғалім, дәрігер, шаруашылық қызметкерлері, қатардағы жумысшылардан қуралған ең таңдаулы талантты деген аспапта ойнайтын өнерпаздардың 40-қа жуығын жас маман маған алдыма жиып беріп, үлкен сенім артып, дайындыққа кірісіп кеттік. Арада Каналбайдан басқа небір шебер домбырашылар, сырнайшылар, қобызшылар бар. Ішінде кейіннен ірі ірі тулғалар қатарына ілініп республикамызға танымал болған ІІІағдар Ақылбеков, Тойшыбек Әбдібайтов (алғи) айтсақта жеткілікті. Ал әңгіме арқауы Каналбай Сейілбекулы туралы айтар болсақ, сол баяғы өнерпаздардың ішінде шоқ биік әлі күнге дейін өнерін-өмірім деп келген бір туар азамат екенін өзі туған жерінен еш жаққа көшпей ауылына, еліне өлшеусіз еңбек етіп келе жатқан шынайы тулға екенін ел біледі. Каналбайдың жастық шағындағы ірі өнердегі жеңісі сонау Мәскеу кремльдер сарайындағы "Қыз Жібек" қойылымындағы Шеге образы болса, одан кейінгі өнер-мәдениетке сіңірген еңбегі одан да ауқымды.
Ол-Жетісайдағы мәдени ағарту-учелищесінің алғашқы муғалімінің бірі. 
Ол-Мырзашөл ауданының мәдени бөлімінің басшысы.
Ол-Жетісай қазақ музыка таетрының ірге тасын қалаушылардыңбірі.
Ол-Мухит, Біржансал, Аңан сері, әндерін Бухар жырау мен Турмағанбеттің Кенен мен Қутбайдың, Нуртай мен Майлықожаның, Қулыншақтың, Тоқтатулдың жырлаған т. т. б ақыл-нақыл ғибратқа толы жырларын әуелете жырлаған және де өз жанынан небір арнаужыр-термелерді жанынан шығарған орындаушы.
Ол-облыстық, республикалық небір сайыстардың жүлдегері. Ол- балалы-шағалы бола тура, 30-дан асқан шағында Ташкент қаласындағы театр өнер институтын бітірген (күндізгі оқу) сүранысқа ие кәсіби маман.Ол- бәрінен бұрын кішіпейіл иманды кіршіксізтаза жан.
Ол-облыстық, республикалық "Өнегелі отбасы" жүлдесінің иегері.
Жанжары Тұрғанқул екеуі тәрбиелеген ұл-қыздарының бәрі де шетінен іскер, кәсіпкер, өнерпаз, ата- анаға мейірімді жандәр.
Оларрдың ішінде елімізге мәлім белгілі әнші, Шымкент Опера театрының басты әншісі, жуырда ғана "Домалақ-ана" образын сомдап көпшілік журттың ықыласына бөленген, былтыр ғана Италияға барып, білімін жетілдіріп келген Үралхан Каналбай қызы Сейілбекованы айтсақта жеткілікті.
Мен міне 60 жылта жуық білетін aғa-досым Каналбай жайында айтар сөз көп-ақ. 
Каналбай 75 жасында толған шағында ауыл журтына көкпар беріп, ел алдында есеп берді.
Енді міне Каналбай 80 жасқа толып отыр. Осынау ауылдан шыққан қарапайым Каналбайдың әліде бергенінен берері көп айтарынан айтары көп тулға екенін елдіңбәрібіледі.

Лайым, Кәнекеңе үлкен зор денсаулық, мол бақыт тілейікшідостар!
Бөрі ИСА, Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, "Сырдария" университетінің профессоры

 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.