Тәшенев университетінде талантты жастар көп

Ontustik Qazaqstan

Сілтеме: https://okg.kz/post?id=35237&slug=tashenev-universitetinde-talantty-zhastar-kop

25 жылдық тарихы бар Жұмабек Тәшенев университетінің басты миссияларының бірі – жалынды, дарынды жастарға қолдау көрсету. Дана халқымызда «Уақыттан асқан жүйрік жоқ» деген керемет сөз бар. Жұмабек Тәшенев университетінің еліміздің үшінші мегаполисі саналатын шырайлы Шымкент қаласына қоныстанып, халыққа қызмет көрсетіп келе жатқанына 3 жылға аяқ басты. Қазақ елінің елдігін сақтап қалуға бар күш-жігерін жұмсаған мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің есімі мен жарқын бейнесі университет жастарының патриоттық рухын көтереді. Оның еңбекқорлығы мен отансүйгіштік қасиеті кейінгілерге үлгі-өнеге. 

Тәшеневтей тау тұлғаны мақтан тұтқан университет жастары заман ағымына қарай, заманауи озық білім мен өнерді ұштастыру арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің тұтқасына айналуды көздейді. Бейбіт замандағы білім алушылардың өмірлік ұстанымдары университет қабырғасында алған жоғары білімдерімен елімізге адал қызмет ету.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жастарды қолдаудың тетіктері айқындалған. Бүгінгі таңда 35 білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат, 8 білім беру бағдарламасы бойынша магистратура бағытында мамандар даярлайтын Тәшенев университеті талантты жастарды тану мақсатында жыл сайын «Тәшеневтің талантты жастары» конкурсын өткізіп келеді. Бүгінде оқу орнында аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша өзгелерден оқ бойы озық шыққан белсенді студенттер жетекшілік ететін 25 үйірме жұмыс істеуде. Соның ішінде «Домбыра» үйірмесіндегі өнерпаздар елімізге танымал күйші-композитор, ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, доцент Бөрі Исадан және бірнеше білікті ұстаздардан дәріс алып, шеберліктерін шыңдауда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, жаңа Қазақстанды озық ойлы, адал еңбекке бейімделген, патриоттық рухы биік жастар құруы тиіс. Тәшеневтей тұлға жолын таңдаған университет студенттері еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосып, біздің үкілі үмітімізді ақтайды деген сенеміз. 

Ғалымжан БИТҰРСЫН, 
Ж.А.Тәшенев университетінің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры.

 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.