Құрметті талапкерлер! "Жоғары математика және физика" кафедрасымен таныс болыңыз

"Сырдария" университеті Жаратылыстану факультетінің құрамындағы «Жоғары математика және физика» кафедрасымен таныс болыңыз. 
Кафедраның оқу-тәрбие жұмыстарын профессор-оқытушы құрамындағы 12 ұстаз атқарады. Оның ішінде 2 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты және 4 ғылым магистры бар.
Кафедра екі мамандық бойынша білім бакалавры дәрежесіне сәйкес мектеп мұғалімдерін дайындайды: Физика пәнінің мұғалімі және математика пәнінің мұғалімі. Олар негізгі және орта мектептерде, колледждерде, арнайы мектептерде және басқа да мекемелерде жұмыс жасауға құқы бар.
Оқыту процесі 2021-2022 оқу жылына түзілген 6В01502-Физика мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша білім бакаврына арналған жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бұл білім беру бағдарламасы оқыту процесінің негізгі құжаты болып табылады. Бағдарламаның мазмұнын пәннің атауы, кредиттер мен сағаттар саны, сабақ түрлері, семестрге бөлінуі, теориялық оқу, педагогикалық практика, межелік бақылау, емтихандар және қорытынды бақылау мерзімдері құрайды. Оқу мерзімі - 4 жыл. 
Физика пәнінің мұғалімін даярлау бағдарламасы бойынша оқыту процесі келесі бағыттарда жүргізіледі:
1. Оқу жұмысы
2. Ғылыми-зерттеу жұмысы
3. Тәрбие жұмысы
Оқу жұмысы оқыту процессінің негізі болып табылады. Болашақ физика пәнінің мұғалімін даярлау үшін біздің университетте барлық жағдайлар жасалған. Пәннің ерекшелігіне байланысты оқыту сабақтарының келесі түрлері іске асырылады: теориялық оқу, практикалық сабақтар, лабораториялық жұмыстар орындау және студенттердің өзіндік жұмысы. 
Теориялық оқумен қатар оқыту процесін қамтасыз ету үшін 5 оқу лабораториялары ұйыдастырылған. Олар, механика, молекулалық физика, электр және магнитизм, оптика және физиканы оқыту әдістемесі атты оқу лабораториялары. 
Университетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға барлық мүмкіндік бар. Білім алушылар студенттік олимпиадаларға қатысады, ғылыми жоба жұмыстарын орындайды және студенттердің ғылыми конференцияларға қатысып баяндамалар жасайды. Кафедрада болашақ мұғалімдерге арналған ғылыми-әдістемелік үйірмелер жүргізіледі. 
Оқу-тәрбие жұмысының маңызды бөлігі – тәрбие жұмысы. Академиялық топтарда тәрбиелік-ұйымдастырылушылық жұмыстарын эдвайзерлер атқарады. Университет, факультет, кафедра көлемінде студенттер арасында тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.
Құрметті абитуриент, келешекте бакалавр дәрежесіне ие болып физика пәнінің мұғалімі боламын десеңіздер – «Сырдария» университеті Жаратылыстану факультетіндегі «Жоғары математика және физика» кафедрасына 6В01502 – «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқып жоғары білімді маман болуға шақырамыз.


1  2   3   4