Конкурс жариялау
- 1 view
? 10.08.2023. Хабарландыру
Профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлердің бос орындарына конкурс жариялайды.
Сіздерді білім мен ғылымның сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған академиялық қоғамдастыққа қатысуға және қосылуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
2. Кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
3. Өмірбаян;
4. Жеке куәлік көшірмесі;
5. Жоғарғы білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
6. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда), (соңғы бес жыл бойынша) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
7. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда)
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген, құжаттарды тапсыру күніне дейін 6 (алты) айдан аспайтын уақытта берілген № 075/е нысандағы медициналық анықтама – конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар үшін;
9. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша наркологиялық ұйымнан анықтаманы құжат тапсырғанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын уақытта берілуі;
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес психоневрологиялық ұйымнан анықтаманы нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын уақытта берілуі;
12. Кафедраны дамыту бағдарламасы - кафедра меңгерушісінің бос лауазымына орналасу конкурсына қатысатын тұлғалар үшін.
13. Факультетті дамыту бағдарламасы – факультет деканының бос лауазымына орналасу конкурсына қатысатын тұлғалар үшін.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсыныстарына және т.б. қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарының тізімі:
1. «IT, экономика және құқық» факультеті:
Факультет деканы - 1 бірл.
2. «Бастауыш оқыту әдістемесі және өнер» факультеті:
Факультет деканы - 1 бірл.
3. «Дене шынықтыру» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
4. «Педагогика және психология» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
5. «Химия және биология» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
6. «Шетел тілдері» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
7. «Тілдер және әдебиет» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
8. «Өнер және саз» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
9. «Бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2023 жылғы 29 тамыз, 18-00.
Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы 21ғим., 410 каб.
Ескерту:
1. Конкурстық құжаттар тізімі университеттің https://www.tashenеv.edu.kz/ сайтында орналастырылады.
2. Конкурстық құжаттарды сканерленген нұсқада (aigerim_erikovna_89@mail.ru) электрондық пошта арқылы Конкурс комиссиясының хатшысына (+7701 671 10 10) жіберуге болады.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет