Кіші футболдан турнир өтті

«Сырдария» университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кіші футболдан турнир өтті

 «Спорт және өнер» факультетінің ұйымдастыруымен, 2021 жылдың 2-4 қарашасы күндері аралығында «Назар» ашық спорт алаңында «Дене шынықтыру» білім беру бағдарламасы арасында «Салауатты ұрпақ – ертеңгі болашақ» тақырыбында кіші футболдан турнир болып өтті.
Турнир мақсаты жастардың уақыттарын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жастар арасындағы бұл кіші футбол жарысы халықаралық федерациялардың бекіткен ережесіне сәйкес өтілді. Ойын барысында 2-курс студенттері мен 4-курс студенттері белсенділік танытып, ерекше ойын тәсілдерін көрсетті. Осылайша көрермендерді таң-тамаша қызыққа батырды. Көрермен қауым бұл керемет өткен ойынға өз ризалылықтарын білдірді.
Турнир соңында жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, үздік ойын көрсеткен жеке қатысушыларға да естелік сый-сияпаттар жасалды.
Атап айтар болсақ, «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері 1-орынды иеленді. 2-орынға 4-курс студенттері, 3-орынға 3-курс студенттері ие болды. «Үздік қақпашы» - Зейілбек Нұрбек; «Үздік қорғаушы» – Келдібай Мақсат; «Үздік шабуылшы» – Талдыбек Сұңқар.
 

Теги: