"МЕНІҢ ОТАНЫМ – МЕНІҢ ТУЫМ" атты патриоттық акция өткізілді

2019 жылдың 28 қазанында "Сырдария" университетінде "Nur Otan" партиясының бастамасымен "МЕНІҢ ОТАНЫМ – МЕНІҢ ТУЫМ" атты патриоттық акциясы аясында мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті. Республика бойынша бастау алған шараға "Nur Otan" партиясының өкілдері мен университет ұжымы қатысты.

Акцияның мақсаты – мемлекеттік Туды насихаттап, қазақстандық жастардың туған еліне деген отансүйгіштігін ояту.

"Жуырда "Nur Otan" партиясының бастамасымен "Менің туым, менің Отаным!" акциясы басталған болатын. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматыдағы "Медеу" спорт базасы аумағында алып туды орнату іс-шарасына қатысып, жұртшылықты рәміздерді құрметтеуге шақырды. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекеттік туды насихаттау акциясы жалғасып жатыр. Бүгін де осы мақсатта бас қосып отырмыз", - партияның Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов.

Патриоттық акцияның құттықтау сөзі университет ректоры м.а., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Абишева Роза мен Students Union орталығының басшысы Бектеміс Мейірханға берілді.

Сондай-ақ, акция барысында отаншылдыққа шақыратын әндер шырқалып, көк Тудың мән-маңызын түсіндіретін келелі ойлар айтылды.

Акция соңында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.

Теги:

Оқиға категориялары