"Алтын күз" көрмесі

Ағымдағы жылдың 29 қазанында "Сырдария" университетінде "Жаратылыстану" факультетінің ұйымдастыруымен күзгі жеміс-жидектер мен көкөністерден жасалған "Алтын күз" көрмесі өтті.

Аталмыш көрмеге университеттің профессор-оқытушылары мен студент-жастары белсене қатысты. Студенттердің бәрі ұшқыр қиял иелері екендіктерін көрсете білді. Олар жемістің сан-алуан түрлерінен көз тартатын әдемі дүниелер жасаған.

Көрмені тамашалағандардың бойында молшылық пен берекенің мезгілі күздің бейне бір бау-бақшасына келгендей жақсы әсер қалдырды.

Теги: