ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ОҚУ ОРДАМЫЗДА
- 1 view
Бірінші орта салмақ дәрежесінде жастар арасында WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын еншілеген Садриддин Ахмедов университетімізге арнайы ат басын бұрып, студент-жастармен кездесті. Кездесу барысында бір жылға жетер-жетпес уақыт аралығында жеті мәрте шаршы алаңға шығып, барлық кездесулерін нокаутпен аяқтаған 21 жастағы Садриддин өзінің спортқа келу тарихымен бөлісті. Студент-жастар өзідерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Кездесуден соң Жастар бөлімінің басшысы Мейірхан Бектеміс университет атынан естелік сыйлық табыстады.
Оқиға категориялары
Жаңа Жетісай (13)