Күндізгі оқу бөлімі студенттерінің қорытынды аттестаттау

18.05.2020 - 06.06.2020 күндері аралығында күндізгі оқу бөлімі студенттерінің қорытынды аттестаттау кешенді емтихан және  диплом жұмысын онлайн  қорғау барысындағы  академиялық адалдық талаптарының сақталуы және ашықтықтың қамтамасыз етілуі «Сырдария» университетінің 11 мамыр 2020 жылғы №20 бұйрығы негізінде құрылған.

 Тәуелсіз қорытынды аттестаттау комиссиясы құрамы Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор,  П.А. Абдуразова, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» бөлімінің басшысы Б.С. Токмурзаев, Ғалым хатшы Л.У.Абенова, «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің деканы А.Р. Боранбаева, «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының меңгерушісі О.Н. Қобланова тарапынан бақыланды.

Комиссия жұмысы барысында академиялық адалдық талаптарының сақталуы мен сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша «Сенім телефоны» 8 701 555-54-47, 8 701 353-52-66 жұмысын жүргізді.

Қорытынды аттестаттау кезінде барлық ережелер қалыпты сақталынды.