Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласын зерделеуге арналған дөңгелек үстел

Бүгін "Сырдария" университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласын зерделеуге арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Кітапхана мен "Филология" кафедрасы ұйымдастырған дөңгелек үстелде Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты Серік Мамраимов, Ғалым хатшы Ләззат Абенова, "Жаратылыстану" факультетінің деканы Перизат Абдуразова, Тіркеу офисінің басшысы Тұрғынай Ахмед, Students´ Union басшысы Мейірхан Бектеміс, "Филология және Гуманитарлық білім" факультетінің деканы Ақтолқын Боранбаева, "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 4-курс студенті Бекболат Сатуов "Ұлттық болмыстың үлгісі", "Жаңа қоғамның жанашыры", "Мемлекет ісінің мүддесі", "Әлемдік мәдениеттің тұлғасы", "Торқалы тойдың тағылымы" тақырыбында ой қозғады.

Сондай-ақ, оқытушылар мен студенттер жиын барысында Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздеріннің мән-мағынасын ашып, әсерлі жеткізді.

Сонымен қатар, "Сырдария" университетінің ұжымы алдағы уақытта Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған көптеген іс-шаралар жаспарлап отырғандықтарын да айтып өтті.

Теги: