Инновациялық білім технологиясы – жұмысымыздың негізгі өзегі

7Сыр Республикалық қоғамдық-саяси газет, №21 (21) 29.05.2009 жыл, 3 бет

Мінеки, біздің «Сырдария» университеті өзінің алғашқы 10 жылдық белесінен ойдағыдай өтті.

Педагог-ғалымдар ұжымының ізденіс және қалыптасу жолдары артта қалды. Біздің міндетіміз - өркениетті Қазақ елі үшін кәсіби мамандар даярлау болып отыр. Ұранымыз да «Сапалы білім аркылы-әлемдік білім кеңістігіне ену!» болып табылады. Университетіміз алғашқылар қатарында Лиссабон конвенциясына бейімделген несиелік білім беру технологиясына өтті. Бұнын өзі батыстық білім беру жүйесіне сол қалпында көшіріп алуды көздемейді. Басты назарда жинақталған тәжірибені сараптай отырып, қазіргі заманғы білім беру жүйесіне үйлесімді түрде ұластыру деп түсінеміз.

Университеттің жас ұжымы үшін ойланарлық мәселелер аз емес. Олар - материалдықехникалық базаны одан әрі жақсарта түсу, педагогикалык-профессорлық құрамды күшейту және оқытушылар мен студенттердің тыңғылықты зерттеулер жүргізу арқылы ғылыми қажыр-қайратын күшейту.

Осы міндеттерді шешу үшін ғылымда әлемдік табыстары мәлім 20-дан астам ғалымдар оқу орнынан шақырылды, олардын арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының 7 академигі бар. Қол жеткен жетістіктеріміз аталмай қалған жоқ. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, 2009 жылы Халықаралық бизнесмендер және кәсіпкерлер конгресінің «Милениум Еуорлд» және «Интелект Нейшнл» наградаларына ие болды.

Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми интеллектісін арттыру жолдарының бірі-түрлі мектептер мен бағыттарда қызмет атқаратын белгілі ғалымдардың қатысуымен өтетін ғылыми конференциялар болып табылады. Үстіміздегі жылы 10-11 маусым күндері өтетін «Ғылым және өндіріс» атты ғылыми-практикалық конференция белгілі ғалым-профессорлар Асылбек Мәлік Хайдар, Батькаев Жан Якубович, Серіков Бегім Серікұлының мерейтойларына орай өткізілмек. Қазіргі таңда конференцияның пленарлық мәжілісінде Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері М.Х.Асылбеков, Н.К.Надыров, О.Балабековтердің баяндамалары тыңдалады деп күтілуде. Жалпы алғанда, қазірде 160-тан астам баяндама келіп түсті. Оның 65-і өзіміздің университеттің профессор-оқытушылары, 1-еуі Мәскеуден, Астана, Алматы, Атырау, Шымкент, Түркістан, Ташкент қалаларындағы жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары жолдаған баяндамалар да жеткілікті.

Гуманитарлық тақырыпқа байланысты баяндамалар көптеп түсті. Ал ауыл шаруашылығы тақырыбына жазылған материалдар азшылық. Конференция өз жұмысын 5 секция бойынша жүргізбек. Ақпараттық технология, гуманитарлық, педагогикалық секциялар бойынша белгілі ғалымдар Қ.Н.Ахмедовтың, Е.О.Медеуовтің баяндамалары тыңдаушылар тарапынан жеткілікті дәрежеде зор қызығушылық туғызды деп айтуға болады.

Бір айта кететін жәйт, біздер конференция материалдарын алғаш peт Қазақстанда 7.5 баспа табақ көлемінде электронды нұсқа түрінде шығармақпыз.

Мемлекеттің өркендеуіне аса маңызды рөл атқаратын негізгі тірек, білім мен ғылымды дамыту мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауларында білім беру жүйесін жетілдіруге байланысты талаптарымен қатар бағыт-бағдарлар да көрсетілін келеді. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев қазақ елінің дүниежүзілік білім беру кеністігіне кіруін негізгі талаптардың бірі ретінде белгілеп отыр.

Университетімізге 2005 жылы 1 қыркүйек - Білім күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтын келуі профессор-оқытушылар және студенттер үшін зор мәртебе болды. Ел Президентінің жоғары оқу орнында болып, ұжым мүшелері алдында сөз сөйлеуі, жүздесуі ертенге деген сенімді, үмітті күшейтті.

Университетте жастардың алаңсыз білім алуы үшін қажетті материалдық-техникалық база ойдағылай. Атап айтқанда, ол үшін бес оқу ғимараты, әкімшілік орталығы, 500 орындық «Қазақстан» студенттер сарайы, 4 кітапхана, жалпы және оқу залдары, кітап дүкені, 3 асхана, спорт аланы, спорт залы мен тренажер, ойын алаңдары студенттеріміздің ойдағыдай білім алып, ғылыми зерттеу жұмысымен шұғылдануға, салауатты өмір сүруіне, өнегелі тәрбие алуына қызмет етіп келеді.

Бүгінгі таңда университетте Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығымен 5 жылға мемлекеттік аттестациядан өтіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуші және АА № 0000169 мемлекеттік лицензиясына сәйкес 25 бакалавриат және 8 магистратура мамандықтары бойынша ел игілігі үшін қызмет ететін кадрлар дайындауда. Университеттің 8 факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті, биология, химия, құқық және экономикалық білімдер т.б. мамандықтар бойынша жалпы ескі классификатордың 20 және жаңа классификаторлардың 25 мамандықтары бойынша 4276 студент, оның ішінде 1519 студент күндізгі, 2757 студент сыртқы бөлімде оқиды. Солардың ішінде мемлекеттік білім беру грантының иегерлері 223 студент. Шетелдегі кандастарымыз үшін ашылған дайындық бөлімінде 110 тыңдаушы оқып, өз білімдерін шыңдауда. Университет қайырымдылық іс-шараларына да ат салысып, бұл мақсатта ата-ана қамқорына мұқтаж болған 38 студентке өз есебінен білім беруде.

Әрине, бүгінгі күнде жас ұрпаққа сапалы білім беруді қажетті оқулықтар мен оқу-техникалық құралдарынсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бұл бағытта жоғарыда атап өткен 4 кітапханада 243 мың дана оқу, ғылыми және көркем әдебиет қоры жинақталтан. Оқу үрдісі компьютер орталығы, қашықтан оқыту орталығы, виртуалды кітапхана аясында жұмыс істеп келеді. Компьютер орталығындағы 12 кабинетте 300-ге тарта компьютерлер орналасып, олардың басым бөлігі интернет желісіне қосылған. Сонымен бірге, компьютерлік техниканың соңғы үлгісіндегі «онлайн» жүйесінде жұмыс істейтін интерактивті тақта орналастырылған.

Оқу ғимараттарындағы аудиториялар, үлкен лекция залдары студенттердің білім алуына, семинарлар өткізуге, «Дөңгелек столдар» мәжілістерін, дебаттарын өткізуге, рефераттар қорғауына да қолайлы. Пән кабинеттері, оқу-әдістемелік бөлмелер заман талабына сай жабдықталған.

Білім сапасын көтеру мақсатында, әр кафедра өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты оқу сабақтарың әр түрлі формада өткізуді үрдіске айналдырған: іскерлік ойындар, видеоматериалдар, пән олимпиадалары, кейс-стади, интернет-класс мүмкіндіктерін пайдалану, пән үйірмелері және т.б.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің оқытылуына, компьютерлік сауаттылыққа, экономикалық және экологиялық проблемаларға үлкен көңіл бөлінген.

Университет жоғары білімді маманлардарды даярлау сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылардың білімін үздіксіз жетілдіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Профессор-оқытушылардың жүйелі түрде ҚР алдыңғы қатарлы университеттерінде біліктілігін арттыру курстарына қатысуы қарастырылған.

Америка Құрама Штаттарының Бейбітшілік Корпусымен «Білім» бағдарламасы бойынша келесі сөздер жүргізіліп, 2007 жылдың қазан айынан 2 жыл мерзімге аталған ұйымның ағылшын тілі маманы Heйсон Джеймс (Nathan James Kaczynski) университет студенттеріне ағылшын тілінен сабақ беруде. Қазіргі кезде студенттерге сапалы білім беру, бірінші кезектегі мәселе. Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннем - күнге үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, енбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы оқу орнын бітірушілерге қойылатын талаптарды күшейтуде. Уақыт-жоғары білім беру орындарына білім денгейі жоғары, ойшыл, болашақты болжай алатын және өзгерістерге бейімді мамандар дайындау міндетін жүктеп отыр.

Бүгінгі күнде «Сырдария» университеті ғылыми-әдістемелік, зерттеу жұмыстарында жалқы қалмай, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен коян-қолтық жұмыс істеп, тығыз қарым-қатынас орнатуда. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетпен, Евразия университетімен т.б. отандық жоғары оқу орындарымен қатар, Өзбекстандағы Университетпен, Гулістан мемлекеттік университетімен жүйелі байланыс орнатқан. Университетте жастардың білім алуымен бірге олардың әртүрлі мәдени іс-шараларға катысып, өздерінің білімдерімен бірге рухани азық алу, интеллектуалды ой-өрісін дамытуға да елеулі жағдайлар жасалуда. Әртүрлі мәселелерге байланысты үйірме, клубтар тұрақты жұмыс істсп келеді. Мысалы, «Болашақ жастар қолында» пікірталас клубының әрбір мәжілісінде 150-200-ге тарта студент қатысып отырады. Мұнда ел экономикасы, әлеуметтік, рухани салаларга, тілімізге, мәдениетімізге т.б. мәселелерге байланысты тақырыптар сарапка салынады. Жыл сайын салауатты өмір салтын нығайту мақсатында әртүрлі спорттық ойындардан турнирлер өткізіледі. Университеттің спорт командалары волейбол, футбол, күрес, т.б. спорт түрлері бойынша бірнеше рет женімпаз атанған. Бір қатар спортшыларымыз облыстық құрама командалардың мүшелері.

Сонымен бірге жоғары оқу орнында Халықаралық, республикалық байқауларда бірнеше рет женімпаз атанған «Жетісай сазы» халық-аспаптар оркестрі. «Томирис» бишілер тобының өнері көпшілікті тәнті етуде.

Ірге тасы қаланған Тәуелсіз Отанымыздың қабырғасын берік етіп қалу өскелең ұрпақтың қолында. Еліміздің болашағы - жастарға сапалы білім, өнегелі тәрбие беруде «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары алдағы уақытта да өз үлестерін қосуға ешқашанда аянып калмайды.

Ә.Ә.МАНАПҰЛЫ, «Сырдария» университетінің ректоры, профессор.


 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары