"Дене тәрбиесі және спорт" факультеті сіздерді оқуға шақырады!
- 1 view
Құрметті жас талапкер!
Сізді «Сырдария» университетінің студенті болуға шақырамыз!
Біздің басымдықтар:
- «Сырдария» университетінде әскери кафедра жұмыс жасайды, әскери кафедраны бітірген түлек лейтенант шенін алып шығады;
- алтын белгі, республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарына және жетімдер мен мүгедектерге оқу төлемақысынан жеңілдіктер қарастырылған;
- ішкі академиялық ұтқырлық аясында басқа ЖОО-да оқу мүмкіндігі;
- сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Ұлыбритания (Лондон), Үндістан (Дели), Грекия (Афина) ЖОО-да оқу мүмкіндігі;
- 2020-2021 оқу жылында қаңтар, тамыз айларында өткен ҰБТ нәтижесі бойынша100 баллдан жоғары жинаған талапкерлер университет бөлген білім грантымен тегін оқуға қабылданады.
«Сырдария» университеті профессор-оқытушылар құрамы Сіздердің сапалы білім алуларыңызға жағдай жасайды.
«Дене тәрбиесі және спорт» факультеті6В01401- Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлаубілім беру бағдарламаласы бойынша мамандарды дайындайды.
Факультеттің құрамында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы бар. Ұжымда белгілі ғалымдар және тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Ғылыми-педагогикалық қызметпен 21 профессор–оқытушы: оның ішінде 1 ғылым докторы; 9 ғылым кандидаты, 8 ғылым магистрі, 2 аға оқытушы және 1 оқытушы айналысады. Факультет бойынша ғылыми дәрежелі, атағы бар оқытушылардың үлесі 50% құрайды.
Факультеттің материалдық-техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай.
Болашақ білікті, білімді спорт мамандарын даярлау мақсатында факультеттің миссиясы мен мақсаты айқындалған. «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің миссиясы, университет миссиясының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес. Факультет миссиясы - білікті, кәсіби қызметіне адал, талапшаң, жеке бас өсіуне талпынған, тұтыну нарығына бейімделген, алғыр, ұтқыр мамандарды даярлау.
Факультетте студенттердің спорттық жетістіктерін шыңдау мақсатында волейбол, футбол, баскетбол, еркін күрес, қазақ күресі, бокс, үстел тенисі спорт түрлерінен білікті мамандар спорттық үйірмелерін жүргізеді.
Волейбол, баскетбол, футбол спорт түрлерінен студенттеріміз аудан, облыс көлеміндегі жарыстарға тұрақты қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Спортпен қатар факультет студенттері ғылымды қатар алып жүруге дағдыланған.
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: «Бұқаралық спортты дамытудың жаңа ғылыми бағыттары мен жолдары, спортшыларды психологиялық даярлаудың технологияларын жетілдіру» және «Бұқаралық спортты дамытудың тиімді жолдарын іске асыру».
СҒЗЖ бойынша кафедрада арнайы «Кәсіби спортшы» үйірмесі жұмыс жасайды.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет