Қаржы департаменті

Турбекова Улбала Уйсбекқызы

Қаржы департаменті директоры


☎ Телефон: +7 (708) 478-53-96

✉ E-mail: info@tashenev.edu.kz

Құжаттар

Қызметтік нұсқау. Бас бухгалтер

Қызметтік нұсқау. Есепші

Университет ережесі. Оқу ақысын төлу

Университет ережесі. Штаттық кесте

Ж.Тәшенев университеті Қаржы департаментінің 2022-2023 оқу жылына ЖОСПАРЫ

Есептер

2020 жыл

? ОТЧЕТ ОБ ИЗМЕНЕНИЯХ В КАПИТАЛЕ
? ОТЧЕТ О ДВИЖЕНИИ ДЕНЕЖНЫХ СРЕДСТВ
? Отчет о финансовом положении (бухгалтерский баланс)

 

Білім беру қызметінің төлемақы тәртібі

Оқу ақысын төлейтін валюта түрі мемлекеттік стандартқа сәйкес "теңге" болып табылады.

Білім алу ақысы әрбір оқу жылына ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде қабылданған мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың төлемақысы деңгейінің көлемінде Ж.Тәшенев университетінің ректорының бұйрығымен белгіленеді.

Ж.Тәшенев университетіндегі оқу төлемақысы көрсетілген оқу жылындағы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес мемлекеттік оқу грантында оқитын әр студентті оқытуға жұмсалатын қаржы көлемінің өзгеруіне байланысты өзгереді. Оқу ақысының мөлшері оқу жылында бір реттен артық өзгертілмейді.

Оқу ақысын төлеу төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:

Күндізгі оқу нысаны бойынша: бірінші оқу жылына студент Ж.Тәшенев университетінің студенті қатарына қабылданғанға дейін жылдық оқу ақысының 25%-ын, 1-ші семестр ішінде қысқы емтихандық сессия басталғанға дейін келесі 25%-ын төлейді. Қалған 50%-ын 2-ші семестр ішінде, жазғы емтихандық сессияға дейін төлейді.

Келесі оқу жылдары студент оқу ақысының 50%-ын 1-ші семестр ішінде қысқы емтихандық сессия басталғанға дейін, ал екінші 50%-ын 2-ші семестр ішінде жазғы емтихандық сессияға дейін төлейді. Оқу төлемақысы төленбесе студент сессияға жиберілмейді және оқудан шығарылады.

Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша: бірінші оқу жылында студент Ж.Тәшенев университетінің студенті қатарына қабылданғанға дейін 50%-ын, оқу жылы ішінде емтихандық сессия басталғанға дейін 50%-ын төлейді.

Келесі оқу жылдары студент оқу ақысын емтихан сессиясына дейін оқу жылы ішінде 100%-ын төлейді. Оқу төлемақысы төленбесе студент сессияға жиберілмейді және оқудан шығарылады. Оқу ақысын төлеу Ж.Тәшенев университетінің есеп шотына банктер арқылы келісімшартта көрсетілген соманы аударумен жүзеге асырылады.

Студенттер қатарына қайта қабылданған немесе академиялық демалыстан қайта келген кезде оқудың төлем ақысы студенттің қайта қабылданған кезіндегі оқу төлемақысының көлемі мен шарттарына байланысты анықталады.

Қажетті деңгейдегі баллдарымен курстан курсқа ауысқан студенттің кейбір пәндерден академиялық үлгермеушілігі болған жағдайда ол сол пәндерден ақы төлеу арқылы қайтадан дәріс алып академиялық қарыздарын өтеуі тиіс. Пәндерді қайта оқу және академиялық қарыздарын жою үшін ақы төлеу тәртібі, мерзімі, сонымен бірге көлемі "Сырдария" университеті ректорының бұйрығымен белгіленеді.

Реквизиттер

АҚ "Жұмабек АхметұлыТәшенев университеті"
ИИН 220840031427
KZ5896516F0010610582
БИН Банка: 050941000204
Филиал АО "ForteBank" в г. Шымкент

SWIFT код:      IRTYKZKA
Адрес: Шымкаент қ., Қонаев даңғылы, 21.
Телефон: +7 708 478-53-96

Оқиға категориялары