"Университет білім алушыларының мансабын құру" атты кездесу-семинар

2024 жылдың 7 қарашасында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен, Тұран ауданы бойынша Мансаптық орталығының Еңбек ресустарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Б.Бекзат және Тұран ауданы бойынша Мансап орталығының өңіраралық мамандары-Г.Байымбетова, Г.Әшірбектің сонымен қатар Әл-Фараби ауданы бойынша Мансаптық орталығының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Т.Абуталипованың және де Әл-Фараби ауданы бойынша Мансаптық орталығының Еңбек ресустарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің маманы А. Таскулованың қатысуымен университетіміздің бітіруші курс білім алушыларымен кездесу өтті. 
Кездесуде жастарға осы орталықтар аясында қол жетімді мүмкіндіктер туралы құнды ақпараттар берілді. Қалалық мансап орталығының өкілдері әртүрлі бағыттар бойынша жастарға арналған тегін курстар, қысқа мерзімде өзекті мамандықтарды оқыту, жастарға жұмысқа орналасу кезінде көрсетілетін көмек туралы айтып берді. Университетіміздің бітіруші курс білім алушылары қалалық Мансап орталығының өкілдеріне сұрақтар қоюға мүмкіндік алды, бұл оларға қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша толығырақ ақпараттар мен түсініктемелер алуға мүмкіндік берді. Университетіміздің білім алушылары сондай-ақ, осы бағытта жұмыс істейтін университеттің мансап орталығына осы мәселелер бойынша жүгіне алады.
 Бұл кездесу ұйымдардың жастарға еңбек және мансап әлеміне сәтті аяқ басуына көмектесу үшін білім беру мекемелерімен қалай ынтымақтаса алатындығының жақсы мысалы болып табылады. Сонымен қатар жастарға білім мен кәсіби қолдауға қол жетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетеді.