Іргелі оқу орнының материалдық-техникалық базасы кеңейді
- 1 view
Үшінші мегаполистегі жоғары оқу орындарының қатарын өткен оқу жылы толықтырған Tashenev University бүгінде қанатын кеңге жайып, іргелі университеттердің қатарына енді.
Бүгін жаңа оқу жылының басталуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиын Құрманбеков көшесіндегі жаңа оқу ғимаратында болып өтті.
Салтанатты жиында алғашқы сөзді алған университет ректоры Қанат Байболов іргелі оқу орны биылғы оқу жылын жақсы жаңалықтармен, ерекше өзгерістермен бастағалы отырғанын атап өтті. «Толыққанды білім беруде жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасының жеткілікті болуы аса маңызды. Сондықтан оқу орнының басшылығы оқу ғимараттарының, студенттік жатақханалардың, спорт алаңшаларының жеткілікті, заманауи талаптарға сай болуын жіті назарда ұстап келеді. Өздеріңізге белгілі университеттің бас ғимараты мамыр айында ғана Шымкент қаласының орталығы Қонаев даңғылына көшіп келді. Биылғы жаңа оқу жылында оқу ғимараттарының саны тағы да 2-еуге артты. Бүгінде «Алтын Орда» атауымен белгілі бас әкімшілік ғимараттан бөлек, Құрманбеков көшесіндегі «Қонаев орталығы» мен Гагарин көшесінде тағы бір оқу ғимаратымен толықты», --деді Қанат Сейітжанұлы. Оқу ордасының табалдырығын жаңадан аттаған жастарға сәттілік тілеген университет басшысы оларға студенттік билетті табыс етті. Одан соң, білім саласының ардагері Ұлықбек Бәшенов бастаған бір топ қонақ сөз алып, барша білім алушыларды сындарлы сәтімен құттықтап, білім шыңын бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Салтанатты жиын концерттік бағдарламалармен ұласты.
Бүгінгі таңда оқу орнында Мемлекет басшының назарында тұрған студенттерді жатын орнымен қамту жайы да толығымен шешілген. Материалдық-техникалық базаны жетілдіріп, тағы да қосымша жатақханаларға ие болып отыр. Қазіргі таңда, білім алушылар үшін барлық жағдайы жасалған 2 студенттік жатақхананың есігі ашық. Жазғы, қысқы спорт кешендері де студенттердің салауатты өмір салтын ұстана отырып, білім алуына дайын тұр.
34 білім беру бағдарламасы, 8 магистратура бойынша білім беретін оқу ордасы 5 факультетті қамтиды. Оқытушы-профессорлық құрамға да өзгерістер енгізіліп, бірқатар жаңарту, жасақтау шаралары жүрді.
Осылайша, болашағы жарқын іргелі оқу ордасы жаңа оқу жылын жаңаша леппен бастағалы отыр.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет