Қолөнер - сырлы өнер

Халықтық сәндік-қолданбалы өнер - әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі. Онда сан ұрпактың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірпбесі бейнеленген.
Көне дәстүрлерді көздін карашығындай сактап және байыта отырып, халықтық көркем колөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын кұбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес кұрамына айналды.
Қолөнер туындылары кайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларта дейін және көлемді ісілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттык жиынтыктарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялык шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және киял ұшкырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді.
Халык өнерінің саркылмай дамуы үшін Сырдария университеті «Дизайн және өнер» факультеті «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарлама студенттері өз үлесін косуда. Максатымыз жастарды қазақ халқынын мол колөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халык өнерін кастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Студенттерді әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетиеалык ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Олай болса, қазақтың колөнері өзінін төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәніндегі халқымыздын ғасырлар тағылымьшан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. Ел арасында сиреп бара жатқан колөнер шеберлерінің туындыларын, көне мұраларын тауып, оны түрлендіріп жаңғырту және ұлттык колөнер арқылы эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құрамына айналдыру біздердің парызымыз.
 

Оқиға категориялары