Шығармашылық шеберліктің шыңын көрсеткен ашық сабақ
- 1 view
Жұмабек Тәшенев университетінің бастауыш білім және өнер факультетінде осы факультеттің доценті Бөрі Исаның шеберлік дәрісі форматындағы ашық сабағы болып өтті. Тағылымы мол, тәрбиелік мазмұны ерек дәрісте белгілі композитор, музыкатанушы Бөрі Иса өзінің хор мен оркестрге арнап жазған «Армысың ХХІ ғасыр» ораториясының «Желтоқсан» бөлімін студенттермен жеке-дара партия ретінде жұмыс жасады. Дәріс хор, домбырашылар ансамбілінің бірігіп орындаған шығармашылығымен қорытындыланды.
Ашық сабаққа университеттің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын мен факультет деканы Ұлжамал Қонақбаева қатысып, шеберлік дәрісін жоғары шығармашылық деңгейде өткізген оқытушыға алғысын білдірді.
Сабақ барысында оқытушының жеке шеберлігі, дәріс беруде өзіндік ұстанымы болғандығын айтып, студенттерді ортақ шығармашылық атмосфераға жұмылдыруда қолданған әдіс-тәсілдердің ұтымды тұстарын жеке-дара талдап өтті. Дәріс барысында орындаушылық шеберлігін көрсеткен хор оркестрінің құрамын бүкіл факультет студенттерімен толықтыра отырып, осы шығарманы университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламасына ұсынуға болатынына назар аударылды.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет