«Күміс университеті» егде жастағы адамдар үшін оқу туралы көзқарасты қалай өзгертеді?

Күміс университетінің ерекшеліктерінің бірі - оның оқуға деген икемді көзқарасы. Егде жастағы студенттердің мүмкіндіктерін шектейтін ешқандай қатаң талаптар мен тәртіптер жоқ. Егде жастағы адамдардың  үздіксіз білім алуы кәсіптік, әлеуметтік және жеке функцияларды орындайды.
- Кәсіби функция егде жастағы адамның қажетті кәсіби құзыреттіліктері мен біліктілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде егде жастағы адам жаңа кәсіби мүмкіндіктерге ие болып, оның еңбек ұтқырлығын арттырады.
- Әлеуметтік функция жалпы адамзаттық құндылықтармен, тілмен, мәдениетпен, қызметтің жаңа түрлерімен, әлеуметтік өзара әрекеттесудің заманауи, оның ішінде ақпараттық  технологияларымен, сондай-ақ әр түрлі салаларда (қаржылық, бюджеттік, тілдік, ақпараттық, экологиялық, құқықтық сауаттылық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы сауаттылық, кәсіпкерлік және сауаттылықтың басқа түрлері) егде жастағы  адамның функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы қоғаммен, экономикалық саламен және тұтастай мемлекетпен өзара әрекеттесу процесін толықтырады және байытады. 
- Жеке функция егде жастағы адамның жеке когнитивтік қажеттіліктерін, оның қызығушылықтарын, хоббилерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және әдетте күнделікті өмірмен бірге жүреді.