«ЖАС МАМАН-2022» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

«Сырдария» университеті өз түлектерін жұмысқа орналасуын білім беру қызметі тиімділігінің басты көрсеткіші ретінде қарайды.
Еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру және түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді көпжақты ынтымақтастықты арттырады.
Университетімізде бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің өткізілуі жыл сайынғы дәстүрге айналған. 
Осыған байланысты бүгін «ЖАС  МАМАН-2022» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. 
Іс-шараның негізгі мақсаты - түлектердің лайықты еңбекпен қамтылуына ықпал ету, қолдау көрсету.
Іс-шараға Әбжанов Әділхан Досыбайұлы - Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы, Мырзалиев Тұрсынбай Әзіретұлы - Жетісай ауданының адами әлеуетті  дамыту бөлімі басшысы, Касимов Медет Алмазбекұлы - Жетысай ауданы әкімдігіның халықты жұмыспен қамту орталығы директорының у.м.а, 
Убайдина Гүлжан Тұрарбекқызы - "№11 "Жеңіс" мектеп- гимназия" КММ-нің директоры қатысты.    
Мұнда қажетті қызметкерлерді іріктеуді жүзеге асыруға, еркін сұхбат өткізуге, түлектердің түйіндемесімен танысуға, халықты жұмыспен қамту орталығымен одан әрі жұмыстануға жақсы мүмкіндік берілді.
 

Теги: