Ашық дәріс

27.03.2024ж., сағат 8-30, 307 дәріс аудиториясында «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының магистрі Бакиров Е.А. «Көшбасшылық және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен «Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және құқық» кафедрасының аға оқытушысы Темирова Ж.Ж., «Денешынықтыру және спорт» және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Тақырыпты ашу барысында студенттер бейнебаян бойынша сұрақтарға жауап берді: кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер түсінігі, түрлері, тәуекелдерді сыныптау элементтері, тәуекелсіз аймақ, минималды тәуекел аймағы, жоғары тәуекел аймағы, критикалық тәуекел аймағы, жол беруге болмайтын тәуекел аймағы, берілген тақырып шеңберінде таңдалым бойынша жағдаят құрастырды және шешті. Лектор мен білім алушылар арасындағы кері байланыс лекция барысындағы сұрақ-жауап, пікірталас барысынан көрінді.

Оқиға категориялары