«Бір айнымалы функцияларды интегралдық есептеу» ашық сабақ

Ғылым магистрі, аға оқытушы: Темирбеков Бейбіт Жанабаевич «Бір айнымалы функцияларды интегралдық есептеу» пәнінен «Меншіксіз интегралдар» атты ашық дәріс сабағын өткізді.
Ашық сабақта алға қойылған білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттер орындалды. Себебі, бұл міндеттер топтың, жеке студенттердің ерекшеліктеріне сәйкес дұрыс пайдаланылды. Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі өмірден алған мысалдармен берілген ақпараттарымен тиімді болды.
Сабақ кезеңдері арасында байланыс болды және уақыт өте тиімді пайдаланылды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліпте үлгерді. Дәріс сабақ барысында жоспарланған мысал есептер шығарылып, студенттердің қызығушылығын арттырды. 
Оқытушы кәсіби деңгейінің жоғары екені, білімнің тереңділігі есептерді кеңінен ашып шығарғаны да байқалды. Дәріс сабақта кері байланыс орын алып отырды.  Жалпы оқытушы дәріс сабақты өз деңгейінде, ЖОО талаптарына сай жақсы деңгейде өткізді.Сабаққа студенттер белсене қатысты. Алдағы уақытта тек ізденістер, биік белестер тілейміз!

«Математика және информатика» кафедрасы
 

Оқиға категориялары