«Есірткіге тәуелділіктің алдын алу» ашық сабақ

23.01.2025 жылы «Есірткіге тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге есірткінің зияны туралы жан-жақты ақпарат беру, олардың өміріне тигізетін кері әсерін түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болды.
Сабақты университетіміздің білікті оқытушылары жүргізді. Олар есірткінің адам ағзасына әсері, психикалық және физикалық тәуелділіктің пайда болу себептері мен салдары туралы ғылыми тұрғыда баяндап, тыңдаушыларға маңызды мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының есірткіге қатысты заңнамасы, заң бұзушылықтардың салдары және жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Сабақ барысында студенттер оқытушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жаңа ақпаратпен танысып, есірткіден сақтанудың негізгі жолдарын талқылауға мүмкіндік алды.
Бұл ашық сабақ студенттер үшін өте пайдалы болды. Олар есірткіден келетін қауіп-қатерді тереңірек түсініп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын ұғынды. Осындай іс-шаралар жастардың саналы таңдау жасауына ықпал етіп, зиянды әдеттерден аулақ болуға көмектеседі.
 

Оқиға категориялары