Сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы Ж.Тәшенов атындағы университетпен бірлескен меморандум негізінде ағымдағы жылдың 22.11.2022 «Сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар»
тақырыбында әдістемелік сағат ұйымдастырылды.
Әдістемелік сағаттың мақсаты: сабақты жоспарлауда басшылыққа алынатын қағидаттармен таныстыру, кәсіби бағдар беру.
Ж.Тәшенов атындағы университет базасында өткен іс-шараға Әдістемелік орталықтың әдіскерлері, ЖОО ғалымдары мен оқытушылары қатысты.
Іс-шара барысында ЖОО ғалымдары мен оқытушылары тарапынан сабақты жоспарлау аясында көкейдегі мәселелі сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Атап айтсақ, практикалық тәжірибелеріндегі педагогтердің тәлімгерлік жұмыстары,болашақ педагогтерге сабақты жоспарлауда сүйенетін нормативтік-құқықтық құжаттар, кәсіби даму процесіндегі қиындықтар аймағы туралы әдістемелік көмектер берілді.
Алдағы уақытта меморандум негізінде жоспарлы іс-шаралар жалғасын таба беретін болады.
 

Оқиға категориялары