«Білім алушылар психикасының табиғаты туралы заманауи практикалық тәсілдер мен тұжырымдамалар» ашық сабағы

21.01.2025ж. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» кафедрасының PhD докторы, доцент м.а. Оралбекова Алия Курбановна Жоғары мектеп психологиясы пәні бойынша МПиК 24-7к тобымен «Білім алушылар психикасының табиғаты туралы заманауи практикалық тәсілдер мен тұжырымдамалар» тақырыбында магистранттармен ашық сабақ өткізілді. 
Сабақ барысында білім алушылардың психикасын зерттеудің қазіргі әдістері мен теориялық тұжырымдамалары қарастырылып, осы саладағы жаңа зерттеулер мен практикалық әдістер талқыланды. Магистранттар психикалық процестердің табиғатын түсінуге және оларды білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын анықтауға мүмкіндік алды. Ашық сабақ білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу әдістерін жетілдіру үшін маңызды тәжірибелік дағдыларды меңгеруге ықпал етті.
 

Оқиға категориялары