Латынды қолдау акциясы

Елбасы Жолдауындағы басымдықтардың жүзеге асырылуына өз үлестерін қосуды мақсат еткен "Сырдария" университетінің белсенді жастары түрлі іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Жас отандықтардың бұл жолғы бас қосуының бағыты – латын әліпбиін қолдау акциясы.

"Елбасы серіктестері" ұйымының жетекшісі Бектеміс Мейірханның бастамасымен студенттер арасында "Латынды қолдаймыз" акциясы өткізілді. Бәсекеге қабілеттілікті талап ететін қоғамға бейімделіп келе жатқан жас буын акция барысында өз ұсыныстарын латын әліпбиімен өрнектеп, плакаттарға латын әліпбиінде есімдерін жазды.

Бұл шара әрбір жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарымызды дарытып, мемлекеттің болашағына бей-жай қарай алмайтын патриотизмді қалыптастырары анық.

Оқиға категориялары