«Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері» ашық сабақ

18.03.2025 жылы «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогика және өнер» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Аяпова Бақыт Алишеровна «Отбасы психологиясы» пәні бойынша ПиК 23-7к1 тобының студенттерімен «Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында геймификация технологиясын қолдана отырып ашық дәріс сабағын өткізді.
Сабақ барысында оқытушы геймификация әдістерін тиімді пайдаланып, теориялық материалды студенттерге қызықты форматта ұсынды. Дәріс барысында студенттерге тапсырмалар, рөлдік ойындар, ситуациялық тапсырмалар және дидактикалық ойын элементтері ұсынылды.
Сонымен қатар, студенттердің есте сақтау қабілетін дамыту және материалды бекіту мақсатында командалық сайыстар ұйымдастырылды. Әр студент ойын арқылы жаңа білімді игеріп, белсенді қатысып, өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік алды.
Кафедра мүшелері сабаққа қатысып, геймификация әдісінің оқу процесінде студенттердің танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттырудағы тиімділігін атап өтті.
 

Оқиға категориялары